Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай: Блогерлер баласының жатырдан шығып жатқан сәтін көрсетсе таңғалмаймын

Опубликовано:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/askhatsadyrbay

Қазақстандық танымал журналист Асхат Садырбай желіде заманауи құндылықтар мәселесін көтерді. Ол бүгінде өзін блогер санап жүргендердің тіптен шектен шығып бара жатқанына шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат өкілі кезекті жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

Онда ол "желі жұлдыздары" қазіргі таңда бір-бірінен асып түсу үшін бәрін қалдырмай көрсетіп жатқанын айтты. Кейбірі тіпті толғатып жатқан сәтін де ел назарына ұсынғанын мысалға келтірді.

Бұл жайттарға байланысты Асхат Садырбай болашақта блогерлер баласының жатырдан шығып келе жатқан видеосын бөліссе де таңғалмайтынын жеткізді.

"Құндылықтарымыз құнсызданып бара жатыр. 10-20 жылдан кейін біз үшін не нәрсенің мәртебесі биік, абыройы асқақ, маңызы зор болатыны қызық. Тереңге бармай-ақ инстаграмдағы контентпен таңғалдыру, бұрынғыша айтқанда "жер өртеп атыңды шығаруды" алайықшы.

Блогерлер, өздерін блогер деп атайтын кейбір замандастар бірінен бірі асып түсу үшін бәрін көрсетіп жатыр. Біреудің жүкті әйелінің жалаңаш қарнын көру ұят болатын, қазір мақтаныш. Жүкті блогерлер еңкейіп-тоңқайып фотосессия жасап, инстаграмды жарып жатыр. Жарыс әйтеуір.

Толғатып жатқандағы сәтті сториске салу да сәнге айналды. Алғаш көргенде абдырап қалдық көбіміз. Оны да көрсету қалыпты дағдыға айналып барады. Әркім өзі біледі әрине, бірақ жұртқа көрсететін және көрсетпейтін нәрселер болады ғой. Өмірдегі кейбір сәттер сонысымен де құнды емес пе?! Құпия қалмады.
Бір күні кейбір "блогерлер" баласының жатырдан шығып келе жатқан сәтін салып "картоп жарса" таңғалмаймын. Кейбір жастар мүмкін білместікпен салып жатыр дейін десең өз қатарластарымның да біразының стористерін көріп ойланып қаламын. Біреудің өліміне барып, жаназадан контент жасау. Бұл не? Кешіріңіздер, бірақ мен үшін бұл ұят", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957932-asxat-sadyrbai-blogerler-balasynyn-zatyrdan-sygyp-kele-zatqan-satin-korsetse-tangalmaimyn/

pixel