Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Байзақова "Маска" шоуына қатысты (видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Видеодан кадр: Youtube/Хабар-шоу

Ғаламтор кеңістігінде ашық фотоларымен танылған блогер Айжан Байзақова тағы да ел аузында. Желі жұлдызы отандық "Маска" шоуына қатысып, қазылар алқасын таңғалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова "Маска" шоуының екінші маусымына қатысты. Блогер ару музыкалық додада кәмпиттің образында өнер көрсеткен.

Қазылар алқасы оның кім екенін таба алмай әлек болып, соңында қатты таңғалған. Олар Айжан Байзақованың ән айту өнеріне аса тәнті болған.

Желі қолданушылары блогердің өнер көрсетуін қызу талқыға алды. Олардың басым көпшілігі Байзақованың өнеріне жоғары бағасын беруде.

"Айжан жарайсың", "Айжанның даусы жақсы екен шынымен", "Мен Байзаұова осылай ән айтады деп ойламаппын", "Өте жақсы өнер көрсетті", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958329-atysuly-baizaqova-maska-souyna-qatysty-video/

pixel