Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әділгерей әнші Еркеш Хасеннің шашын тақырлап алып тастады

Опубликовано:

Шоу
Фото: 31 арна

31-ші арнадан көрсетіліп жүрген «Bіzdіń Show» бағдарламасының соңғы шығарылымында актер Қайрат Әділгерей «Alem Band» тобының әншісі Еркеш Хасеннің шашын тақырлап тастады.

Өткен жексенбі күні эфирде шыққан «Bіzdіń Show» әзіл-сықақ бағдарламасының барысында әңгіме айтып тұрған Қайрат Әділгерей, алдында отырған әнші Еркеш Хасеннің шашын абайсызда алып тастады. Оны байқаған Еркеш эфир кезінде Қайратқа айқайлап, балағаттай жөнелген. Бұл оқиға әлеуметтік желіде үлкен дау тудырды. «Тікелей эфирде дұрыс па солай жаман сөздер айтуға», «Жарайсың, шашын емес басын алу керек» еді деген түрлі пікірлер бар.

Түсірілімнің бас аяғында болған жобаның бас продюсері Ғалия Байбосынованың айтуынша:

«Бұл аяқ асты болған жайт. Қайраттың алдында басқа сценарий болған, түсіріп жатып, өзім қатты қорқып кеттім. Арты үлкен дауға айналып кете ме деп қатты шошыдым», - деді ол.
Шоу
Фото: 31 арна

«Bіzdіń Show» – бұл юмор жанрындағы, эстрадалық өнердегі – тың жоба. Бағдарламаға бір ғана сөзбен анықтама беру қиын. Себебі мұнда жеңіл юмор да, сатира мен сарказм да, астарлы әзіл, ән мен би, импровизация да бар. Ал ең басты ерекшелік – актерлық құрамда.

Дәл мұндай актерлар құрамасы бұрын-соңды ешбір бағдарламада бас қоспаған. Жоба резиденттері: Жанар Айжанова, Қайрат Әділгерей, Дариға Бадықова, Жұлдызай Дүйсенбиева, Жанатбек Бәйтеков, Сабира Жарасқызы, Айтмұхаммет Көлбай, Гүлбахрам Ахат, Нұрсұлтан Жақсыген және Ұлан Мықтыбек.

Бағдарламаны 31-ші арнадан әр жексенбі 21:00 және жұма күні 12:00 көруге болады.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958647-qairat-adilgerei-ansi-erkes-xasennin-sasyn-taqyrlap-alyp-tastady/

pixel