Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асқар тауымыздан айырылып қалдық": Әнші Тұрар марқұм әкесін есіне алды

Опубликовано:

Тұрар Ыдырыс әкесімен
Фото: Instagram/2rar.official

2RAR лақап атымен танылған отандық әнші Тұрар Ыдырыс марқұм әкесін есіне алып, елді жылатты. Өнер иесі жақында асқар тауы әкесінен айырылып қалғанын жазып, өз өкінішін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрар Ыдырыс әкесіне деген сағынышын Instagram парақшасында жеткізді. Хитмен жантебірентерлік жазба жариялап, әкесі туралы естеліктерін бөлісті.

Белгілі болғандай, әншінің әкесі ауыр дерттен қайтыс болған.

"Осыдан 3 жыл бұрын дәрігерлер әкемнің бойынан жаман ауруды тапқан еді. Сол аты өшкір жаман дертпен қанша күрессек те, жеңбей қоймады. 67 ге толар шағында Асқар таудан айырылып қалдық. Бұрын әкем қайтыс болған жандардың жақындарына көңіл айтқанда: "Көрсеткеніңе шүкір" деп жұбататын. Қәзір мен де солай шүкіршілік етемін. Әкесіз өспедім ,тәрбиесін алдым, жылуын сезіндім, еркеледім. Отын жарып та, атқа мінгізіп те, көлік айдатып та өзі үйретті", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, өнер иесі отбасында жеті қыздан кейінгі ұл екенін айтты.

"Мен әкемнің Алладан тілеп алған, 7 қыздан кейінгі жалғыз ұлымын. Негізі маған дейін де екі ұл берген, бірақ олар жастайынан шетінеп кеткен. Осыған байланысты әкем Дәуіт пайғамбардың хикаясын көп еске алатын. Менің әкем де екі ұлдан айрылған соң , құдайдан 30 ұлға татитын бір ұл берші деп тілеп алған "Жасаған бере салғаным" деп еркелететін. Осы бір жастайымнан айтқан бір әңгімесі -ақ мен үшін баға жетпес мотивация еді. Қиналғанымда бойымда 30 ұлдың күші бар деп шын сенетінмін.

7 қыздың арасында өсіп қалай сен қыз мінезді болып кетпедің ей деп көп сұрап жатады. Егер менің бойымда қасықтай болсада жігітке тән қәсиет болса, ол маған әкемнің берген дұрыс тәрбиесінен. Ішімнен: "Әкетей, есімді енді жиып қызығымды енді көрсетер едім ғой" деп өкінем әрине. Бірақ жоғарыда айтқандай әкесіз өспедім ғой көрсеткеніңе шүкір деп шүкіршілік етемін. Бақилық бол, Папа! Анам мен әпкелеріме өзім бас көз боламын. Қайғырып көңіл айтып жатқан жандарға Алла разы болсын. Жақындарыңыз аман болып,үйлеріңізде тек қуаныш болсын", - деп жазды Тұрар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958666-asqar-tauymyzdan-aiyrylyp-qaldyq-ansi-turar-marqum-akesin-esine-aldy/

pixel