Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірі болғаныңда, той жасап берер ем": Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесін еске алып, жылап жіберді

Опубликовано:

Жұлдыз Өмірғали
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесін еске алып, көзіне жас алды. Өнер иесінің айтуынша, әкесі тірі болғанда бүгін 50 жасқа келер еді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали әкесі туралы естеліктерімен Instagram парақшасында бөліскен. Ол балалық шағынан фото жариялап, әкесіне деген сағынышын жеткізді.

"Асқар тау әкешім, тірі болғаныңда дүркіретіп тойыңды жасап беруші едім. 50 жасыңмен", - деп жазды Жұлдыз.

Әнші асқар тауы әкесін еске аламын деп көңілі босап кеткенін айтты. Ол көлікте көзі жасаурап отырған сәтінен видео жариялады.

Жұлдыз Өмірғали ата-анасымен
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958806-tiri-bolganynda-toi-zasap-berer-edim-zuldyz-omirgali-marqum-akesin-eske-alyp-zylap-ziberdi/

pixel