Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Саят Медеуов зардап шеккен жол апатына қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Саят Медеуов
Саят Медеуов: instagram.com/sayat_medeuov_888/

Танымал әнші Саят Медеуов зардап шеккен жол апатына қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты Алматы-Өскемен тасжолында болған.

"Жол апаты 27 ақпанда таңертең Ақсу ауданында болды. Алматы-Өскемен тасжолының 344-шақырымында Toyota RAV4 және Toyota Camry көліктері соқтығысқан. Жол апатынан үш адам зардап шекті. Оның біреуі ауруханаға жатудан бас тартты, екеуі ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Саят Медеуов жарақаттармен Талдықорғандағы ауруханалардың біріне жатқызылған.

Айта кетсек, бұған дейін композитор, әнші Ербол Спаналиев желіде әнші Саят Медеуовтің жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған еді.

Кейін Ербол Спанәлиев оның қазіргі жағдай туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958943-ansi-sayat-medeuov-zardap-sekken-zol-apatyna-qatysty-zana-derek-syqty/

pixel