Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ деп ойладым": Актриса Жәния Джуринская күйеуі жайлы тың мәліметті бөлісті

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринская күйеуі Данияр Хизметов екеуіне қатысты ел білмейтін тың деректерді бөлісті. Ол сүйіктісімен алғашқы кездесуін есіне алып, оның ұлты жайлы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі жеке өміріне қатысты құпияларын Instagram парақшасында жария етті.

"Екеуміз бір-бірімізді шамамен 2016 жылдан бері білеміз. Ол – іс-шаралардың жүргізушісі, ал мен – қонағы. Ортақ таныстарымыз көп. Оның сүйіктісі бар еді. Менде ұшақтар, әуежайлар... Екеуміздің қосылуымыз – аяқ астынан болған құбылыс. Бір күні "киноға барайық" деп жазды (ол кезде басы бос еді). Ал мен өз қыздарыма қырсығып (сол күні қыдыруымыз керек еді), "кеттік" дедім.
Бірінші кездесуде оның көлігі бұзылып, сол күйі киноға жете алмадық. Оның орнына СТО-ға бардық. Өзінің айтуынша, сол кезде "оның сүйіктісі" болатынымды түсінген", – дейді Джуринская.

Қос ғашық 2 айдан кейін бірге тұруға шешім қабылдаған. Сол шақта карантин басталып, олардың қарым-қатынастары нағыз сынақтан өткен.

"Пандемия кезінде бір-біріміз үшін жаралғанымызды түсініп, жарты жылдан кейін үйленеміз деп шештік", –  дейді ол. 

Жәния біраз уақытқа дейін күйеуін қазақ ұлтынан деп ойлап, қателескенін айтады. 

"Тек кейін оның жартылай ұйғыр және жартылай дүнген екенін білдім. Қазақ екеніне сенімді болып, қазақша әзілдерді көпке дейін айтып жүрдім. Бір күні ол шыдамай: "Мен түсінбеймін, қазақ емеспін ғой" деді. Бірақ оның ұлты ештеңеге әсер еткен жоқ", – деп ағынан жарылды Джуринская.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959046-men-ony-qazaq-dep-oiladym-aktrisa-zaniya-dzurinskaya-kuieui-zaily-tyn-malimetpen-bolisti/

pixel