Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағайынды Жүгінісовтердің кішісі Мұхаммедәлі шаңырақ көтерді (фото, видео)

Опубликовано:

Мұхаммедәлі Жұгінісов жарымен
Фото: Instagram/meruertzharaspaeva

Отандық жас әнші Мұхаммедәлі Жүгінісов отбасын құрды. Желіде өнерпаздың үйлену тойынан видеолар тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдызды жанұяның ең кенже баласы ресми түрде бойдақтар тізімінен шықты. Күні кеше Мұхаммедәлі үйлену тойын дүркіретіп өткізген. Оның қуанышына ортақтасып келген қонақтар арасында Жұлдыз Әбдікәрімова, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова, Лұқпан Жолдасов, Майра Ілиясова, Асхат Маемиров, Қарақат Әбілдина болды.

Белгілі болғандай, әнші жігіттің таңдауы Медина есімді аруға түскен. Бойжеткен жайлы әзірге ақпарат жоқтың қасы.

Жас жұбайлардың дүбірлі тойының кадрлары әлеуметтік желілерде тарап, бірден көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бейнежазбалардан қалыңдықтың үйлену тойына дәстүрлі ақ көйлек емес, қазақи нақыштағы көйлек киіп шыққанын көруге болады.

Сонымен қатар, туған бауырының тойында жұлдызды ағасы Мирас Жүгінісов өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959218-agaiyndy-zuginisovterdin-kisisi-muxammedali-sanyraq-koterdi-foto-video/

pixel