Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұқтаж әжеге көмектескен Ерке Есмаханға ел риза болды (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан өзінен көмек сұраған әжеге ақша беріп, елге үлгі көрсетті. Қалың көпшілік өнер иесінің жомартығына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан көмекке мұқтаж болған әжеге он мың теңге берген. Бұл сәттің видеосын әншінің құрбысы Гүлназ Жоланова өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

Бейнежазбадан әртістің апаның әңгімесін тыңдап, соңында оған ұялы телефонындағы қосымшасы арқылы ақша аударып бергенін көруге болады. Қарт ана өзіне көмек қолын созған аруға риза болып, оған алғысын аямай жаудырды.

Желі қолданушылары да әншінің жомарттығына тәнті болып, оны мақтай түскен.

"Жарайсың, барлық жұлдыз сендей болса ғой", "Ерке не деген жомартсың. Жүрегі кең, ең ақкөңіл ару", "Жүрегі таза өзінің, әркез жаны ашып тұрады", "Ерке сен көпке үлгісің", "Біреуге істеген игі іс өзіңе қайтып келеді", - деп жазуда халық.

Ал кейбірі Еркенің жақсылық істегенін жария еткені үшін сынға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959231-muqtaz-azege-komektesken-erke-esmaxanga-el-riza-boldy-video/

pixel