Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Санасыздарды орнына қоямын": Ақбота Сейітмағамбет өз мінезі туралы айтты

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші Ақбота Сейітмағамбет желіде өз мінезі туралы айтты. Өнер иесі сырт көзге нәзік болып көрінгенімен, өзін ренжіткен жандарды орнына қоя алатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өзі жайлы көпшілік біле бермейтін жайттар туралы айтты.

Актриса жанкүйерлеріне мінезі шын мәнінде қандай екенін ашып айтты.

"Менің мінезім негізінде қатал. Көбінде ашық-жарқын күліп жүремін. Айналама барынша көңілді, позитивті жақтарымды көрсетуге тырысамын. Себебі, халықтың алдында маңғазданып, сызданып отырғанды жөн санамаймын. Ашық жарқындықты басқаша қабылдап, осалдық санайтындар да жоқ емес. Керек кезде кей санасыздардың, жолыма көлденең келгендердің мысын басып, өткір мінезіммен орнына қоятын тік мінезім бар", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Сейітмағамбет тұрмысқа шығуға қатысты өз пікірін айтып, бойжеткендерге келелі кеңесін берген болатын. Әнші ару қандай ер адамдарды таңдау керек екенін айтқан.

Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959244-sanasyzdardy-ornyna-qoyamyn-aqbota-seiitmagambet-oz-minezi-turaly-aitty/

pixel