Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дауысын естіп, қуанып қалдым": Тоқтар Серіков Саят Медеуовтің жағдайы туралы айтты

Опубликовано:

Тоқтар Серіков пен Саят Медеуов
Фото: Instagram/toktar_beibit

Отандық танымал әнші Тоқтар Серіков өнердегі досы Саят Медеуовтің қазіргі жағдайын айтты. Әртіс онымен сөйлесіп, денсаулығын білген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқтар Серіков жол апатына түскен досы жайлы Instagram парақшасында жазған. Өнер иесінің сөзінше, Медеуовтің денсаулығы бүгінде жақсарып қалған.

"Қазақтың өнеріне өзіндік екпінмен келген Саят досымның өнерін, өзін құрметтейтін ел, шүкір, көп деп айта аламын. Жақында Саяттың апатқа түскенін естіп ел алаңдап қалды. Ағайын бүгін ғана Саят досымның дауысын естіп, яғни аман-саулығын біліп қуанып қалдым.
Алаңдаған ағайынға: уайымдамаңыздар, бәрі жақсы. Саятжанның денсаулығы жақсарып қалыпты. Аллаға шүкір.
Досым, сен қазақтың қара өлеңі қайнаған қара қазанында қап-қара болып күйіп піскен қара ұлысың. Сенің амандығың керек. Аман бол, досым, енді қайтып қорқытпа халық дейтін қамқор анаңды", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін белгісіз біреулер желіде Саят Медеуовтің "қайтыс болғаны" туралы жалған ақпарат таратқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959285-dauysyn-estip-quanyp-qaldym-toqtar-serikov-sayat-medeuovtin-zagdaiy-turaly-aitty/

pixel