Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанға келемін": Анандиді сомдаған үнді актрисасы қазақша сөйлеп, елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Авика Гор
Фото: Instagram/avikagor

Танымал үнді актрисасы Авика Гор қазақ тілінде сөйлеп, қалың көпшіліктің ықыласына бөленді. Өнер иесі қазақстандық жанкүйерлеріне үндеу жасап, Қазақстанға келетінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дүйім жұртқа "Келін" телехикаясындағы Ананди рөлін сомдаған Авика Гор Қазақстанға келмек. Актриса отандық продюсер Нұрлан Қоянбаевтың "I go to School" фильміне түскен.

Ол 5 наурыз күні тұсаукесер үшін Алматыға арнайы келетінін айтып, көрермендерді кездесуге шақырды. 

"Құрметті, қазақстандық достарым! Жуырда Нұрлан Қоянбаевтың I go to School фильмі жарыққа шығады. Онда мен басты рөлді ойнадым. Фильм премьерасы үшін арнайы 5 наурызда Қазақстанға келемін. Сіздерге ыстық махаббатпен Ананди, Авика Гор", - деді үнді актрисасы. 

Желі қолданушылары өнер иесінің қазақша сөйлегеніне тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірген.

"Қазақша таза сөйлеп тұр", "Жарайсың, Ананди. Сен сияқты кейбір қазақтарымыз да сөйлей алмайды", "Нұрлан Қоянбаев, Авиканы қазақша сөйлеткеніңіз үшін сізге ризамын. Жасай беріңіз", "Қазақшасы керемет екен", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959441-qazaqstanga-kelemin-anandidi-somdagan-undi-aktrisasy-qazaqsa-soilep-eldi-tanti-etti-video/

pixel