Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп нәрсе айтқым келеді": Айгүл Иманбаева Бекет ата мешітіне барып қайтты (фото)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Отандық танымал әнші Айгүл Иманбаева Ақтаудағы қасиетті жерлердің бірі - Бекет ата мешітіне барып қайтты. Өнер иесі бұл жолы өзіне рухани демалыс ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Иманбаеваның Бекет-ата мешітіне барғаны туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Әртіс қасиетті мекеннен суреттер жариялап, бұл сапарынан алған әсерін бөлісті.

"Бекет Ата. Көп нәрсе айтқым келеді, бірақ мұндай жерде бәрі тылсым. Тек жүрегіңмен сезінесің. Жаратушыма сансыз шүкірлер", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесіне тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірген.

"Ниетіңіз қабыл болсын. Бекет ата мықты әруақты адам. Өзім сенемін, барып та жүрмін", "Арқар көрінгені жақсы болған. Кез келген адамға кездеспейді. Қабыл болсын", "Ниетіңіз қабыл, мұратыңыз асыл болсын. Алла құзырынан сізге тек жақсылығын нәсіп етсін. Ұлыңыздың тек рахатын көріңіз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959454-kop-narse-aitqym-keledi-aigul-imanbaeva-beket-ata-mesitine-baryp-qaitty-foto/

pixel