Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Имиджін өзгертіп тастаған Марат Омаровты ел танымай қалды (видео)

Опубликовано:

Марат Омаров
Видеодан кадр: Instagram/marat_omarov_kz

Отандық танымал әнші Марат Омаров имиджіне өзгеріс енгізіп, елді таңғалдырды. Мұртын алып тастаған өнер иесін көпшілік танымай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үш ай бойы Америка құрама штаттарында тұрған Марат Омаров өз жақындары мен достарын сағынған көрінеді. Эстрада жұлдызы Instagram желісінде оларға ән жолдап, сағынышын жеткізген.

Алайда, қалың көпшіліктің бар назары әнде емес, әртістің бет-әлпетінде болған. Бейнежазбадан Омаровтың имиджін өзгертіп тастағанын байқауға болады. Өнер иесі мұртын алып тастаған.

Желі қолданушылары әртісті бірден қызу талқыға алды. Олар жұлдыздың бұл өзгерісіне қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Кейбірі тіпті оны танымай қалғандарын жазуда.

"Сізді танымай қалдым. Аға, аман болыңыз", "Сол жақтың адамдарына ұқсап кетіпсіз. Дауысыңыздан ғана таныдым", "Мәссаған аға! Мұртыңызды алып тастағансыз ба не? Бірақ әдемі жарасады екен. Жап-жас болып қалыпсыз", " Жасарып шыға келдіңіз", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959475-imidzin-ozgertip-tastagan-marat-omarovty-el-tanymai-qaldy-video/

pixel