Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова 8 наурыз мерекесін кіммен атап өткенін айтты (видео)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Видеодан кадр: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова халықаралық әйелдер күнін кіммен бірге атап өткенін көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова 8 наурыз күні де жұмыс істегенін айтты. Актриса кезекті түсірілімнен шығып, өзінің жақын адамымен кездескен. Өнер иесін арнайы құттықтап әкесі келген.

Ол қыздарын кешкі асқа шақырып, барынша көңілін көтеруге тырысқан. Әбдікәрімова отбасылық отырыстың видеосын Instagram парақшасында бөліскен.

"Бүгін бізде мейрам. Әкеміз бізді кешкі асқа шақырып, джентельмен болып отыр. Сіздер күліп жүрсеңіздер, біздің жұмысымыз жүреді. Дұға тілеп, баталарыңызды беріп жүрсеңіздер, жолымыз ашылады", - деді актриса видеода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959884-zuldyz-abdikarimova-8-nauryz-merekesimen-kimmen-atap-otkenin-aitty-video/

pixel