Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдар Тұрғамбек: Әйеліме қарағанда қайын жұртқа мен көп барамын

Опубликовано:

Айдар Тұрғамбек
Фото: Instagram/aidar_turgambek

Отандық танымал әнші Айдар Тұрғамбек сұхбат беріп, екінші әйелі туралы тың мағлұматтарды бөлісті. Өнер иесінің сөзінше, келіншегі - нағыз білімнің адамы. Оның тіпті отағасынан басқа достары да жоқ екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айдар Тұрғамбек жары туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтты. Әнші келіншегінің тәрбиесіне тәнті болған.

Оның сөзінше, әйелі көп уақытын үйде өткізеді, сыртқа шыға бергенді ұнатпайды. Ол көптеген тіл үйреніп, түрлі курстарға қатысады.

Оған қоса, өнер иесі қайын жұртымен өте жақсы араласатынын айтты. Ол тіпті әйеліне қарағанда олармен көбірек кездесіп тұрады екен.

"Әйелімнің есімі - Әйкерім. Оңтүстік өңірдің тумасы. Сондай жақсы қыз. Өсіп-өнген, көргенді жердің қызы. Сондай тәрбиелі. Білімнің адамы. Өнерге қызықпайды. Менің өнерімнен, шығармашылығымнан, концерттерімнен, әндерімнен хабары жоқ. Тойға да бармайды. Менімен бірге баруға құлықты емес. Табиғаты сондай. Бос уақытында тіл үйренеді. Курстарға барады. Кітап оқиды. Балалармен уақыт өткізеді.

Балаларға деген махаббаты зор. Оларды артық уақыт далаға шығаруға қорқады. Тіл-көз бар, вирус бар дегендей. Мен өзім оған разымын. Төркінге жылына бір рет қана барады.

Анасының өзімен 3-4 күнде бір сөйлеседі. Оған қарағанда мен қайын жұртқа көп барамын. Өз ата-анам да, ата-енем де Шымкентте тұрады. Ата-анама барғанда ол кісілерге де амандасуға тырысамын" , - деді әртіс.

Айта кетейік, бұған дейін Айдар Тұрғамбек бірінші әйелімен арақатынасы қандай екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959974-aidar-turgambek-aielime-qaraganda-qaiyn-zurtqa-men-kop-baramyn/

pixel