"Айтөре екеуіміз сені жақсы көреміз": Тәуекел Мүсілім әйелін туған күнімен құттықтады
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім келіншегін жаңа жасымен құттықтап, оған өз тілегін жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Өнер иесі Instagram парақшасында әйеліне жазба арнап, отбасылық мұрағаттағы видеолардың үзіндісін бөлісті.
"Туған күніңмен. Біз Айтөре екеуміз сені жақсы көреміз. Бақытты бол", - деп жазды актер.
Тәуекел бөліскен бейнежазбада ерлі-зайыптының өміріндегі аса ерекше сәттер көрініс тапты. Ол екеуінің махаббат хикаясы қалай басталғанынан бастап жарына қалай ұсыныс жасағанға дейін көрсетті.
Желі қолданушылары әртістің келіншегін жарыса құттықтап, ізгі тілектерін жаудыруда.
"Бақытты болыңыздар. Көпбалалы жанұя болыңыздар", "Туған күніңмен, Тәуекелдің Махаббаты", "Сондай сұлу, тәрбиелі. Тәуекел жолы болғыш жігітсің", "Махаббаттарың баянды болсын", "Ең әдемі жұп. Көпшілікке үлгі болып жүре беріңіздер", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959993-aitore-ekeumiz-seni-zaqsy-koremiz-tauekel-musilim-aielin-tugan-kunimen-quttyqtady/