Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр баламның орны бөлек": Салтанат Бақаева өзін сынға алғандарға жауап берді

Опубликовано:

Салтанат Бақаева
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Отандық танымал әнші Салтанат Бақаева желіде өзін төртінші ұлын босанғаны үшін сынға алған оқырмандарына жауап берді. Өнер иесі әр баласының орны бөлек екенін айтып, қыз-келіншектерге ақылын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Салтанат Бақаева аруларға тұрмыс құруға шақырып, балалы болуды тіледі.

Сондай-ақ, әртіс перзенттеріне деген махаббатын жеткізді. Төртінші сәбиін босанған әнші бұл жолы өзгеше сезімде екенін айтты.

"Ананың жүрегінің кеңдігіне тамсанамын. Кейбіреулер дайректке жазыпты: "Не болды соншама, 3 ұлдан кейін қыз босанғандай қуанып жатсаң ғой", - деп.

Иә, қуанамын, Аллаға шүкір! Ата-ананың жүрегінің кеңдігі әр балаға жетеді!

Әр баламның орны бөлек, 4 ұлыма жүрегімнің мейірімі ерекше. Кішкентай нәресте әйел адамға ешнәрсемен теңдесе алмайтын бақыт сыйлайды екен. Сол себепті әр қазақтың қызына тілерім ана болып, тұрмыс құрыңдар дегім келеді.

Мәселе әйел міндетінде емес, мәселе шексіз махабатты ұғынуда. Жүректегі шексіз мейірімді сезінуде. Ақыл айтсам, кешірім өтінем. Шын, ерекше сезімде жүрмін. Есейгендіктен бе, бұл жолы бәрі басқаша", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960066-ar-balamnyn-orny-bolek-saltanat-baqaeva-ozin-synga-algandarga-zauap-berdi/

pixel