Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова: Баламның сөздерінен өзіме сабақ алып жүремін

Опубликовано:

Жанболат пен Жазира ұлдарымен
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова желіде ұлына қатысты жазба жариялап, оны туған күнімен құттықтады. Өнер иесі бүгінде баласынан өзі үлгі алып жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жазира Байырбекова перзентіне деген жылы лебізін Instagram парақшасында білдірген. Әншінің сөзінше, жасына қарамастан ұлы ақылдылығымен ерекшеленеді.

Эстрада жұлдызы баласының дәл осындай азамат болып өсуін құдайдан тілегенін айтты.

"Допты жерге ұрсаңыз өзіңізге қарай қайта келе береді. Біреумен ерегесіп сөз қайтару да сондай". "Кішкентай нәрсе үшін көңіл күйімізді түсіріп, шеше алмай жатсақ, үлкен белестерді қалай бағындырамыз" деген сияқты сөздерінен үлгі аламын.

Өте аз сөйлесе де мен баламның сөздерінен өміріме сабақ алып жүремін. Ешқашан ойламаппын анасы баласынан үлгі алуына болады деп. Алладан ұлымның дәл осындай болып өсуін тілегенмін. Сансыз шүкір етемін. Амандығыңды тілеймін. Адалдығың, сабырлығың, мәдениетің сені бұдан да үлкен бақытқа, белестерге жеткізе берсін. Туған күніңмен", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960097-zazira-baiyrbekova-balamnyn-sozderinen-ozime-sabaq-alyp-zuremin/

pixel