Мөлдір Мұқанова қалың көпшілікке өз әпкелерін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова көпшілікке өзінің туған әпкелерін көрсетті. Ол бір әпкесінің қайын сіңлісімен өзара ұқсастығы бар екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында әпкелерімен түскен суретін жариялап, оларды сипаттап берді.
"Біз үш апалы-сіңіліміз. Анамда да дәл солай. Өзімде де Аллаға шүкір үш қызғалдағым бар. Інімнің үшінші қызы былтыр желтоқсан айында өмірге келді. Қайын сіңлілерім де үш апалы-сіңілі.
Қайын сіңлім Еркем мен апам Айгүлдің мінездерінің ұқсастығын көрсеңіздер. Екеуі де ерке, ашық, жүрген жерін күлдіріп, әңгіменің майын тамызып жеткізеді. Санымен ғана емес, екі үйдің құдашаларының мінездері де бір-біріне келіп жатқанына кейде өзіміз де таңғалып жатамыз.
Ең бастысы айтқым келгені, бүгін осы ортаншы апам Айгулдің туған күні. Кішкентай кезімде үсті-басымды қадағалап, сәндеген осы кісі. Студент болғанымда оқуыма, жатақханама да орналастырып берген де - осы кісі. Өзі ашық, сұлу, жайдары, бір басына жетерлік таланты мол.
Ұйымдастырушылық қабілеті қандай жоғары. Жаңа жасың құтты болсын! Алла басыңа бар жақсылықты үйіп-төгіп бере берсін! Ортамызда аман есен жарқырап жүре бер", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960164-moldir-muqanova-qalyn-kopsilikke-oz-apkelerin-korsetti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.