Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әркім өз баласын өзі тәрбиелесін": Жарқынай Ханайым өзін сынға алған оқырманға шүйлікті

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым желіде өзін сынға алған оқырманына ашуланды. Өнер иесі бейтаныс жанның қызының тәрбиесіне араласқанына шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жарқынай Ханайым Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып, жанкүйерлері жолдаған сауалдарға жауап берді. Олардың бірі әртіске қызының шашын жинап жүрген дұрыс екенін айтып, кеңес берген. Алайда, бұл жайт өнер иесінің шамына тиген көрінеді.

Әнші ашуға булығып, оған қатты жауап берді.

"Әркім өз баласын өзі тәрбиелесін. Ненің бар екенін, ненің жоқ екенін мен де жақсы білемін. Менің қызымның шашы сіздің көзіңізге түсіп тұр ма не? Мүмкін қызым кішкентай шығар. Енді шашын жинасақ, өзі шешіп, таққызбай қоятын шығар. Оған ақылыңыз жетпеді ме? Шашын қысқартымыз келмейтін шығар. Сол себепті, өздеріңізді ғана ақылды санаудың қажеті жоқ. Барлық нәрсенің себебі бар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960186-arkim-oz-balasyn-ozi-tarbielesin-zarqynai-xanaiym-ozin-synga-algan-oqyrmanga-suilikti/

pixel