Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Голливудтың үш студиясы Қазақстанға өз туындыларын ұсынуды жалғастыра бермек

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Голливудтың үш студиясы қазақстандық көрермендерге өз туындыларын ұсынуды жалғастыра бермек. Бұл туралы 10 наурызда Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен өткен кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды министрлік сайты.

Киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңеске кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялардың басшылары қатысқан. 

Министрліктің мәліметінше, жиында шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөз жүргізіліп жатқаны белгілі болған.

Дәлірек айтсақ, Голливудтың үш студиясы - Universal Pictures, Warner Bros және Paramount Pictures бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынуды жалғастырады.

Ал Walt Disney Company және Sony компанияларымен отандық кинопрокатшылар министрліктің қатысуымен тікелей келіссөздер жүргізуде екен. Тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ, дейді олар.

Ведомство келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан әрі жұмысына қатысты ақпараттар қосымша хабарланатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960202-gollivudtyn-us-studiyasy-qazaqstanga-oz-tuyndylaryn-usynudy-zalgastyra-bermek/

pixel