Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәбилер ешқашан жыламасын": Балалар үйіне барған Ердос Қанаев елдің ризашылығына бөленді

Опубликовано:

Ердос Қанаев балалармен
Видеодан кадр: Instagram/erdoskanaev

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев желіде балалар үйінен видео жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі аталмыш бейнежазбаны Instagram парақшасында бөліскен. Онда әртістің балалардың ортасына келіп, оларды құшағына басқанын көруге болады.

Әнші олармен бірге билеп, суретке түсіп, көңілдерін көтеруге барын салған.

"Жыламасын сәбилер ешқашан да. Бұл "Жанұя" үйінде небір тағдырлар тоғысқан. Бірі - ауырып жатса, бірі - ата-анасының мейіріміне мұқтаж балапандар. Балапандарымыздың қадіріне жете білейікші", - деп жазды ол видео астына.

Желі қолданушылары Қанаевтың игі ісіне тәнті болып, оған жылы лебіздерін жаудырған.

"Сізге Алла екі өмірде разы болсын. Көзіңізден үнемі нұр т,өгіліп тұрады", "Қандай кең пейілді жансыз", "Айналдым пейіліңізден", "Ердос аға, Алла сізге разы болсын", "Қандай керемет көрініс. Жарайсыз, осылай көпке үлгі болып жүре беріңіз", "Сіздей болса ғой барлық қазағымның ер жігіттері", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960233-sabiler-esqasan-zylamasyn-balalar-uiine-bargan-erdos-qanaevqa-el-tanti-boldy-video/

pixel