Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оған алғысым шексіз": Бейбіт Әлібеков бұрынғы әйелімен қарым-қатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Бейбіт Әлібеков
Фото: Instagram/alibekovkz

Отандық танымал блогер Бейбіт Әлібеков өзінің бұрынғы әйелі туралы айтып, бүгінде онымен қарым-қатынасы қандай екенін түсіндірді. Олар осыдан алты жыл бұрын ажырасып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейбіт Әлібеков заңды түрде ажырасқанын Тимур Балымбетовтың Youtube арнасына берген сұхбатында растады.

Желі жұлдызы келіншегімен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалғанын жеткізді. Олардың ортақ үш баласы бар.

Блогер өз сұхбатында бұрынғы жұбайымен қалай ажырасқанын да айтып берді.

"Ажырасқанымызға шамамен алты жыл болды. Меніңше, ажырасу қашан да оңай емес. Ажырасу еш уақытта оңайға соқпайды. Бұл өте әсерлі кезең. Адам өміріндегі түрлі оқиғалар шарықтау шегіне жеткенде адамдар ажырасып жатады.

Менің бұрынғы әйеліме алғысым шексіз. Біздің қарым-қатынасымыз бүгінде жақсы.

Ол кезең екеуімізге де оңайға соққан жоқ. Дегенмен біз мұны еңсере алдық. Басқа адамдармен салыстырғанда, менің жағдайым жақсы деп айта аламын. Біз ажырасқан соң бірден көп нәрсеге нүкте қойып тастадық. Мүліктік мәселелерді шешіп алдық та, дұрыс қарым-қатынас құрдық", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960248-ogan-algysym-seksiz-beibit-alibekov-buryngy-aielimen-qarym-qatynasy-turaly-aitty/

pixel