Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізді жібергісі келмейді": Әсел Асқар неліктен күйеуімен бірге анасының үйінде тұрып жатқанын түсіндірді

Опубликовано:

Әсел Асқар сүйіктісімен
Фото: Instagram/assel.askar

Отандық танымал актриса Әсел Асқар бүгінде отбасымен анасының үйінде тұрып жатқанын айтты. Мұндай шешімге не себепті келгенін өнер иесінің өзі түсіндірді, деп KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әсел Асқар неге анасының қолында тұрып жатқанын Instagram парақшасында түсіндірген. Актрисаның сөзінше, бұл - уақытша.

Айтуынша, қазіргі уақытта ерлі-зайыпты мен балалары үшін бұл қолайлы боп тұр. Оған қоса, желі жұлдызының анасы оларға үйреніп қалғаны соншалық, тіпті жібергісі де келмейді екен.

Әсел Асқардың Stories-і
Скриншот: Instagram/assel.askar

"Иә, біз бәріміз бірге тұрамыз. Бұл сондай керемет. Айбек те солай айтады. Бірақ, бұл уақытша. Әзірге бәрімізге осы қолайлы болып тұр. Анам да бізді жібергісі келмейді. Бәріміз бір-бірімізге үйреніп қалдық.

Енді менің анам оған да ана болды. Таңертең баланы алып кетеді, тамақтандыруға ғана әкеледі. Бізге ұйықтауға мүмкіндік береді.

Әкесі ұлын анама ғана сеніп тапсырады. Кешке бірге шай ішеміз, сөйлесеміз, алдағы жоспарларды талқылаймыз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960257-bizdi-zibergisi-kelmeidi-asel-asqar-nelikten-kuieuimen-birge-anasynyn-uiinde-turyp-zatqanyn-tusindirdi/

pixel