Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Асар Роза Бағланованың образында сахнаға шығып, өнер көрсетті (видео)

Опубликовано:

Тамара Асар
Видеодан кадр: Instagram/tamara_assar_official

Отандық танымал әнші Тамара Асар Роза Бағланованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған концертке қатысып, марқұм әйгілі өнер қайраткерінің образында өнер көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі мерекелік шара кезіндегі видеоларын Instagram парақшасында бөліскен. Онда әншінің Роза Бағланованың образында сахнаға шығып, ән шырқағанын көруге болады.

Оған қоса, Роза Бағланованың ұлы мен келіні Тамара Асарға ерекше сыйлық тарту еткен. Олар марқұм анасының сырғасының репликасын Тамара Асарға ырымдап тағуды жөн көрген.

Тамара Асар күтпеген жерден осындай бағалы сыйға ие болғанын айтып, шын жүректен Роза Бағланованың балаларына алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, әнші Роза Бағланованың образында ел алдына шығу үшін көйлегін бір апта бойы тіктіргенін айтты.

"Бүгін Роза апамыздың образын сахнаға алып шықтым. Асылдың сынығы ұлы мен келіні келіп, апамның өмір бойы таққан сырғасының қайта өңдеп табиғи тастармен көмкерілген репликасын құлағыма сахнаға шығар алдында тақты. Алла сыйласын сіздерді, шабытты шарықтаттыңыздар.

Сабақты ине сәтімен, менің көптен көздеп жүрген образым, Роза апамыздың дәл осы костюмдегі фотосын Марал тауып беріп, дизайнер екеуміз түнімен, күнімен ақылдасып, бір апта ішінде тігіп, сахнаға киіп шықтым. Роза апаның образын жасау - үлкен мәртебелі еңбек", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960518-tamara-asar-roza-baglanovanyn-obrazynda-saxnaga-sygyp-oner-korsetti-video/

pixel