Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмір жалғасуда": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм ағасының қызын ұзатқалы жатыр (видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының отбасында қуаныш. Медиажұлдыз ағасының қазасынан кейін екі жыл өткен соң оның қызы тұрмысқа шыққалы жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жария етті. Белгілі болғандай, марқұм ағасының қызына жігіт жақ келіп, сырға салып кеткен.

Тележүргізушінің сөзінше, олар бұл оқиғаны дүркіретіп атап өткісі келген. Алайда, анасы үйде, тек ет-жақындарымен бірге атап өткенді қалапты.

Ақпарат өкілі сырға салу сәтінен видеоны бөлісті.

"Дишинкам қуаныштан жылап қалды. Ағам қайтыс болғаннан кейін мамам біразға дейін қатты күйзелді, бізге білдіргісі келмеді. Жеңгемнің жағдайын айтпасам да түсінікті шығар. Уақыт емші десек те, мұндай жағдайды басынан өткізген адам ғана бізді түсінеді.

Әрине өмір жалғасуда, балалар өсуде, алды 20-дан асты. Кетем деген қызды ұстама дейді ғой, бүгін ағамның қайтыс болғанына 1 жыл 8 ай өткеннен кейін үлкен қызына сырға салуға жан досының жары, қайынсіңлісі мен қайынапасы келді. Бүкіл туған-туысты жинап, дүркіретіп жасауға болар еді, анамның "Үйде өзіміз ғана болайықшы" дегенін қош көрдік.

Алла тағала ешбір ананы жылатпасын, баласы мен қызының қызығын әке-шеше бірдей көрсін. Сіңілім бақытты болсын. Дұға жасап қойыңыздаршы", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960536-omir-zalgasuda-laila-sultanqyzy-marqum-agasynyn-qyzyn-uzatqaly-zatyr-video/

pixel