Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенші маған, шын айтамын": Айқын Төлепберген әйелін өткен туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген желіде келіншегі Жұлдыз Өмірғалиді жаңа жасымен құттықтап, оған әсерлі жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айқын Төлепберген сүйіктісіне деген ақ тілегін Instаgram парақшасында жеткізген. Әнші келіншегін туған күні өтіп кетсе де құттықтап, оған деген сезімін білдірген.

Сонымен қатар, ол ел назарына Жұлдыз Өмірғали екеуінің видеосын да ұсынған. Онда ерлі-зайыптының вальс билеп жатқанын көруге болады.

"Жаным менің туған күніңмен өтіп кеткен! Мен сені қатты жақсы көремін және әрқашан қасыңдамын. Сенші маған, шын айтамын! Артық сөзсіз", - деп қысқа жазған әртіс.

Өнер иесінің бұл жазбасынан кейін оның жанкүйерлері де Жұлдыз Өмірғалиді жарыса құттықтауға кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960542-sensi-magan-syn-aitamyn-aiqyn-tolepbergen-aielin-otken-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel