Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Хабар» арнасының телехикаяcы Youtube-тің трендтері қатарына ілікті

Опубликовано:

«Шымкент - менің махаббатым»
Фото: Хабар

«Хабар» арнасының кезекті телетуындысы қаралымдардың саны бойынша YouTube видеохостигінің трендтері қатарына енді.

5 наурыздан бастап көрермен назарына ұсынылған «Шымкент - менің махаббатым» мелодрамасы Қазақстанның ірі мегаполистерінің бірін бағындыруға аттанған жас PR-маманның тағдыры туралы баяндайды.

«Телехикаялардың көбі Алматы қаласында түсіріледі. Біз ерекшеленіп, түсірілім үшін Шымкент қаласына аттандық. Сериалдардың көмегімен өңірлердің дамуына үлес қосуға болады деп ойлаймын», - деді тележобаның бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова.

Фильмдегі басты рөлдерді Еркебұлан Дайыров пен Кәмшат Жолдыбаева ойнайды. Түсірілімге танымал әнші Мақпал Исабекова да қатысты.

«Шымкент – менің махаббатым» телехикаясы 5 күн ішінде алғашқы миллион көрсетілім жинады. YouTube-те жарияланғаннан кейін бірнеше сағат ішінде сериалды 20 мың қолданушы көрді. YouTube қолданушылары жаңа маусымның жобаларына жақсы пікірлер қалдырып, өздерінің қызыға қарайтын телехикаяларының жалғасын түсіруді талап етуде. Өз кезегінде «Хабар» телеарнасы өз көрермендерін қуантуды жалғастыруда. Қазіргі кезде арна эфирінде екі қарындастың тағдыры туралы сыр шертетін «Бөлелер» телехикаясы көрсетіліп жатыр.

Бізді Youtube-тен қараңыз:

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960600-xabar-arnasynyn-telexikayacy-youtube-tin-trendteri-qataryna-ilikti/

pixel