Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалдыбек Құрманәлі: Қазіргі қазақ эстрадасындағы әншілердің 90 пайызы жезөкше

Опубликовано:

Қалдыбек Құрманәлі
Видеодан кадр: Instagram/kaldybek_kurmanali

Отандық танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі бүгінгі қазақ эстрадасына көңілі толмайтынын айтып, әншілерді сынға алды. Ол қазіргі әншілердің 90 пайызы жезөкше екеніне сенімді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қалдыбек Құрманәлі "Хит ТВ" арнасындағы "Менің өмірім" бағдарламасында айтты. Композитор бүгінде әндер емес, әншілердің жеке өмірі көбірек зерттеліп кеткеніне баса назар аударды.

"Қазіргі қазақ эстрадасындағы әншілердің 90 пайызы жезкөше. Содан кейін айтады "Қорықпайсыз ба? Сізді сотқа бермейді ме?" дейді. Сотқа берсе, аты-жөнін айтамын дедім. Кіммен, қай күні болғанын айтып беремін. Біреуі сотқа бере алмады. Роза Рымбаева студияда тұр. Соған "жезөкшелерді жақтайтын әйел" менің айтқан пікіріме қатысты сұрақ қояды. Бізді шағыстырып жатыр.

Сол кезде Роза Қуанышқызы "Қалдыбек қателесті. 90 емес, 95 пайызы" деді. Қазір таңғалмайсың ғой. Бір күні мынау, бір күні басқасы. Жынды болып қалдық қой. Қазір қазақтың әнін зерттемейтін болдық. Жұрттың қанша ойнасы бар екенін зерттеп кеттік. Миымыз айналып қалды. Соны қазір телеарналардан жарқыратып көрсетеді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960620-qaldybek-qurmanali-qazirgi-qazaq-estradasyndagy-ansilerdin-90-paiyzy-zezokse/

pixel