Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Наркенже Серікбаева 20 жылдан соң тағы да сәбилі болды (фото)

Опубликовано:

Наркенже Серікбаева отбасымен
Фото: Instagram/narkenjeserikbaeva

Отандық танымал әнші Наркенже Серікбаева өміріндегі өзгерістерін бөлісіп, елге сүйінші хабарын жеткізді. Өнер иесі араға 20 жыл салып, тағы да сәбилі болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Наркенже Серікбаева бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жария еткен. Эстрада жұлдызы тіпті жаңа туған нәрестесі мен жолдасымен түскен суретін де бөлісіп қойған.

Ол өзінің өнерден алыстап, ел алдында көрінбей кетуіне осындай отбасылық жағдайы себеп болғанын түсіндірді.

"Соңғы уақыттарда өмірімдегі өзгерістер, құдды түсім секілді болып жүр. Әкесі екеуіміз Хадияшымыздың иісіне мас болып, ұйқысына, күлкісіне, әрбір әрекетіне қызығып, тоймай жүрміз. Жаратқан берген бағынан айырмасын. Түн ұйқыны төрт бөліп, босанғаннан дейінгі, босанғаннан кейінгі әрбір ауырлықты араға 20 жыл салып қайта сезінемін деп ойлаппын ба?! Өмір - таңғалдыруымен ғажап екен ғой. Білмеймін, ішімде сөзбен айтып жеткізе алмайтын, бір өзге тұрмақ, өзім түсіне алмайтын қызық сезім болып жүр.

Көп көрінбей кеттім. Байқап та жүрген шығарсыздар. Жай ғана қазіргі баға жетпес байлықтарыма көбірек көңіл болып, жанның рахатын, жүрек тыныштығын бұзбай, әрбір сәтті керемет етіп пайдаланғым келіп жүр", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960630-ansi-narkenze-serikbaeva-20-zyldan-son-tagy-da-sabili-boldy-foto/

pixel