Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Биік таудың басына шық": Тоқтар Серіков Нұрболат Абдуллинге ақ батасын берді (видео)

Опубликовано:

Тоқтар Серіковтің бата беріп жатқан сәті
Тоқтар Серіковтің бата беріп тұрған сәті. Видеодан кадр: instagram.com/nurbullin

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин өнердегі ағасы Тоқтар Серіковтің ақ батасын алған видеосын бөлісіп, елді тәнті етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісінде жарияланған бейнежазбадан Тоқтар Серіковтің қолын жайып Абдуллинге өз ағалық батасын беріп жатқанын көруге болады. Олармен бірге сол сәтте Бейбіт Сейдуалиева, Айгерім Қалаубаева сынды жұлдыздар да болған.

"Нұрболат деген қазақтың қазіргі маңдайалды жұлдызы ғой. Жарық жұлдызы. Өсе бер, өркендей бер. Алла нәсіп қылса, алда қойған мақсатың болса соған жет. Биік таудың басына шық", - деді Тоқтар Серіков.

Желі қолданушылары жұлдыздардың сыйластыққа толы ағалы-інілі қарым-қатынасына сүйсіне қарап, тәнті болғандарын жасырмады.

"Не деген керемет сәт", "Жарайсыңдар. Сыйластық деген осындай болу керек", "Қандай керемет көрініс", "Ағасын сыйлаған іні бақытты. Тоқтар аға нағыз үлгі алар азамат", - деп жазған видеоға пікір қалдырғандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960637-biik-taudyn-basyna-syq-toqtar-serikov-nurbolat-abdullinge-aq-batasyn-berdi-video/

pixel