Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалдыбек Құрманәлі: Қазіргі әншілер шынайы өнерді тоймен шатастырып алған

Опубликовано:

Қалдыбек Құрманәлі
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Отандық танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі бүгінгі әншілердің басты қателігін атап, оларды қатаң сынға алды. Оның сөзінше, өнер иелері шынайы өнер мен той-бизнесті шатастырып жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қалдыбек Құрманәлі әншілер қауымына көңілі толмайтынын "Менің өмірім" бағдарламасында айтты. Композитор той арқылы байыған әртістердің бүгінгі әрекеттеріне күйінді. Ол қымбат көлігін, шетелге шыққанын жарнамалап жүргендерді сынап тастады.

"Қазір шынайы өнерді тоймен шатастырып жүргендер бар. Баяғыда ауылдан шыққан өнерпаз ауданға, одан облысқа, республикаға іріктеліп келетін. Қазір ақшаң болса, ауылда қойшы болып жүрген жеріңнен ақшаға ән жаздырасың, тойларға шығасың, ақша топырлайды, шетелден ет алдырасың, қыдырасың да, бірден қойшы ауылдан Республика сарайында концерт бересің. Жұрттың бәрі той арқылы байып алып, қымбат көлік мінгенін, тамақ ішіп отқанын, шетелге шыққанын жарнамалайтын болды.

Мен ол адамдарға аяп, мүсіркеп қараймын. Өмірі тойып тамақ ішпеген. Қазақтың несібеcі ғой, біреудің дүниесін қызғанбаймын. Бірақ соны тапқаннан кейін, көтере алмайтын әншілер көп. Концертінде "ұнамаса, шығып кет" деп Төреғали Төреәлі шықты. Әлі жап-жас балалар ғой", - дейді Қалдыбек Құрманәлі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960714-qaldybek-qurmanali-qazirgi-ansiler-synaiy-onerdi-toimen-satastyryp-algan/