Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол рас": Айсәуле Бақытбек ішімдік ішіп рөлге отырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғанын айтты

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек ішімдік ішіп рөлге отырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Бұл туралы желі жұлдызының өзі желідегі оқырмандарына мойындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. тілшісі

Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, көлікті мас күйде жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғанын растады.

"Бұл рас ақпарат. Осылайша құдай мені үлкен проблемалардан аман алып қалды деп ойлаймын. Өйткені ештеңе де бекер емес. Мен қателестім, оның жазасын толықтай өтедім. Бастысы, қандай жағдай болса да, енді ішімдік ішіп рөлге отырмайтынымды түсіндім. Сол түні расында да жағымсыз жағдай болды", - деп бөлісті Бақытбекқызы. 
Айсәуле Бақытбектің Stories-i
Скриншот: Instagram/aissaulebakytbek

Айсәуле полицейлерге пара беруге деген көзқарасы теріс екенін жеткізді.

Блогер ару арасында ішімдік ішетінін айтқанымен, шылым шекпейтінін және өмірінде есірткі татып көрмегенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960779-aisaule-baqytbek-isimdik-isip-rolge-otyrgany-usin-zurgizusi-kualiginen-aiyrylganyn-aitty/