Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайғылы жағдай": Актриса Жәния Джуринскаяның әжесі өмірден өтті

Опубликовано:

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринскаяның туған әжесі өмірден өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаралы хабарды актрисаның өзі Instagram парақшасында хабарлады. Жәния Джуринская әжесі туралы естелігін бөлісіп, жантебірентерлік жазба жариялады.

Өнер иесінің сөзінше, атасының қазасынан кейін енді ес жиған уақытта әжесінің өмірден өтуі олар үшін ауыр тиген.

"Менің Софиям, менің әжем өмірден озды. Атам арамыздан кеткен соң ес жиып үлгермеген едік. Енді әжем де ортамыздан кетті. Әжемнің жүзінде ешкімге көрсете бермейтін мейірімділік бар еді. Бұл мүлде күтпеген жағдай болды. Ештеңені алдын ала ескертпеді.

Ол күйеуінің артынан кетті. Атамның сүйікті диванына жатып, дәл сол уақытта бақилыққа аттанды. Бұл –  махаббат. Бір күн бұрын әжем анама қоңырау шалып, түсінде асүйде атаммен шай ішкенін айтқан екен. Бұл – өзімшілдік", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960926-qaigyly-zagdai-aktrisa-zaniya-dzurinskayanyn-azesi-omirden-otti/

pixel