Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова жаңа құдаларын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова қос құдағиымен
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің құда-құдағиларын көрсетті. Жұлдызды отбасы бүгінде келін түсіріп, кенже ұлының үйлену тойына қызу дайындалуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айдарбекова Instagram парақшасында қос құдасымен түскен суреттерін жариялап, көпшілікке жаңа келінінің ата-анасын көрсетті.

Белгілі продюсер қазіргі уақытта жастардың дүбірлі тойына дайындалып, екі-үш күннен бері дамыл таппай жүргенін айтты.

Нұртас Айдарбеков
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

"Құрметті оқырмандарым, ең кіші ұлымыз Заңғар баламыз Жібек екеуі бір-бірін қалап, сырға салу, есік ашу, құда түсу, ата-баба салтымен барлық рәсімдері жасалып, 2-3 күннен бері тынбай жатырмыз. Алла жамандықтан емес, жақсылықтан шаршатқаннан артық бақыт жоқ шығар. Ең бастысы, келініміз адалынан болсын! Сіздер де жастарға бақыт тілеп қойсаңыздар нұр үстіне нұр", - деп жазды ол.

Аталмыш фотоларда Аян Нұртастың ата-енесі де жүргенін көруге болады. Құдалардың жаппай бас қосуынан естелік суреттерде тек Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасы бой көрсетпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960927-gulzira-aidarbekova-zana-qudalaryn-korsetti-foto/

pixel