Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Концертте Ернар Айдардан микрофонды тартып алған әжей жиналған жұртқа ұрсып тастады (видео)

Опубликовано:

Ернар Айдардың концертінде ыңғайсыз жағдай орын алды
Видеодан кадр: Instagram/qaz.stars

Отандық танымал әнші Ернар Айдардың концертінде ыңғайсыз жағдай орын алды. Ән кешіне келген әжей сахнада тұрған әртістің қолынан микрофонды тартып алып, жиналған көпшілікке ұрсып тастады. Ән тыңдауға кедергі келтіріп, шулаған балалар кейуананың ашуына тиген көрінеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ернар Айдардың концертінде орын алған сәттің видеосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Онда әжейдің әртістің қолынан микрофонды тартып алып, өз наразылығын айтып жатқанын көруге болады.

"Айналайын халқым, бала тудыңдар ма, қарамайсыңдар ма?! Дәмханаға тойға барсаң, бала жылап жүреді, концерт көруге келсең, балалар жүгіріп жүреді. Ұят бар ма?! Суретке түсесіңдер ма, концерттен кейін Ернарды бір сағатқа алып қалып, 500 теңгеден төлеп, қалағанша түсіңдер. Ұят деген бар ма сендерде өзі?!" — деп ашуланды ол.

Ернар Айдар үлкен кісінің сөзі орынды екенін айтып, оған рахметін жаудырды. Көрермендер де ақ жаулықты ананың сынына қол соғып, қолдауын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960996-koncertte-ernar-aidardan-mikrofondy-tartyp-algan-azei-zinalgan-zurtqa-ursyp-tastady-video/

pixel