Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Сиви Махмуди тағы да пластикалық ота жасатты (видео)

Опубликовано:

Сиви Махмуди
Фото: Instagram/sivi_makhmudi

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди тағы да пластикалық ота жасатты. Бұл жолы өнер иесі қабағын көтерткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сиви Махмуди қабағына ота жасататын Instagram парақшасында хабарлады. Ол оқырмандарына видеоүндеу жариялап, қандай процедура жасатайын деп жатқанын айтты.

"Мен бүгін пролифтинг жасауға келдім. Пролифтинг дегеніміз мына қабағымыздың астын сызып дайындап қойдық. Қабағымыз жыл сайын түседі, соны астынан кесіп көтеретін боламыз. Сонда көз ашылып, өз қалпына келеді. Жасап болғаннан кейін нәтижесін бөлісемін", - деді әнші.

Өнер иесі шағын отасы сәтті аяқталған соң көпшілікпен байланысқа шығып, нәтижесін көрсетті.

"Бекер қорқыппын. Тіпті ауырмайды екен. Бәрі ұнады. Қатты алаңдап едім, шүкір бәрі ойдағыдай. Сондай кәсіби түрде жасалды. Қолдауларыңызға рахмет", - деді Сиви.

Айта кетейік, бұған дейін Сиви Махмуди ота жасатып, төсін үлкейтіп алғанын елге жария еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961045-ansi-sivi-maxmudi-tagy-da-plastikalyq-ota-zasatty-video/

pixel