Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Сатыбалды: Бүлдіру оңай, ал бүлінген дүниені қалпына келтіру қиынның қиыны

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды
Азамат Сатыбалды. Фото: brod.kz

Қазақстандық танымал актер Азамат Сатыбалды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған жолдауына қатысты өз пікірін білдірді. Өнер иесі президенттің бастамаларына риза болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Азамат Сатыбалды мемлекет басшысының жолдауына көңілі толып, оған өз қолдауын білдірді. Актер президенттің айтқандары орындалу үшін халық болып жұмылып атсалысу керектігін алға тартты.

"Көрдім. Сендім. Риза болдым. Аллаға аманат. Бүгінгі президентіміздің жолдауы көңілге қонды. Сенім ұялатты. Бүлдіру оңай, ал бүлінген дүниені қалпына келтіру қиынның қиыны екенін түсіндім. Дәл қазір тартысатын емес табысатын. Жағаласатын емес, жарасатын уақыт. Осы айтылғандардың бәрі орындалу үшін бәріміз атсалысуымыз керек. Жалғыз ағаш орман болмайтындай, президентіміз тапсырмаларының орындалуына бар күш жігерімізді салайық.

Мына кең байтақ дала бізге аманат. Замандастарым, "алма піс, аузыма түстің" заманы өткен. Қазір сөздің емес,істің заманы. Өзгерісті өзімізден бастай отыра, еліміздің ертеңі үшін еңбек етейік. Жаратқан өзі жар болып. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсыншы. Мен сені мәңгі сүйіп өтемін, қазақ елі. Жаса Қазақстан. Алла жар болсын", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961223-ken-baitaq-dala-bizge-amanat-azamat-satybaldy-prezidenttin-zoldauyna-qatysty-pikir-aitty/

pixel