Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дина Төлепберген: Бар күшімді "Астарлы ақиқатқа" салып, балаларымның жетімсіреп қалғаны рас

Жарияланған күні:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасының жабылғанына қатысты пікір білдірді. Ақпарат өкілі аталған жоба әзірге шығармашылық үзілісте екенін айтты. Сонымен қатар, ол бар күш-жігерін бағдарламаға арнағаннан кейін, өз отбасына уақыты болмай кеткенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дина Төлепберген әрбір бағдарламаның аяқталатын күні бар екенін алға тартып, Instagram желісінде "Астарлы ақиқатқа" қатысты жағдайды түсіндіруге тырысты.

"Өзіңіз білесіз ғой, кез-келген супербағдарламаның да белгілі бір межеге келіп, тоқтайтын биігі болады. "Астарлы ақиқаттың" телевизия нарығында алмаған шыңы жоқ. Осыдан кейін әрмен қарай өсуі немесе құлдырау үрдісінің байқалуы мүмкін. Мұндайда, кәсіби мамандар шығармашылық үзіліс жасап, болашақты бағамдап, медианарықтың ерекшеліктерін ескереді.

Сондықтан арна басшылығымен "пауза" жасауды жөн деп шештік. Оның үстіне бар күшім мен көңілімді "Астарлы ақиқатқа" беріп, отбасым, балаларымның жетімсіреп қалғаны рас. Енді сол олқылықтың орнын толтыру керек. Денсаулығымды қалпына келтірсем, Алла қаласа, жаңа күш, жаңа ойлармен оралармын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961421-dina-tolepbergen-bar-konilimdi-astarly-aqiqatqa-berip-balalarymnyn-zetimsirep-qalgany-ras/