Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ендігі өміріміз сендердікі": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова келінімен
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде келіндеріне жазба арнап, оларға өз ақылын айтты. Жақында ғана кіші ұлын үйлендірген Қайрат Нұртастың анасы қос келініне деген жылы лебізін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында келіндерінің бірге түскен суретін жариялап, оларға өз ақ тілегін жолдады. Белгілі продюсер оларды өз өмірінің жалғасы деп атады.

Сондай-ақ жұлдызды ене ерте ме, кеш пе солардың көңілдеріне қарап өмір сүретінін айтып, оларға ақылын бөлісті. Айдарбекова құдалардың өзара татулығы тікелей келіндерге байланысты екенін жеткізді.

"Алла бақ берсін жандарым сол, өмірімнің жалғасы. "Абысын тату болса, ас көп деген". Сендер тату болсаңдар, ұрпағымызбен бақыттымыз. Ата-ананың, бауырлардың, бала-шаға, құда-құдағи бәрінің татулығы сендердің қолыңда. Әпкелі-сіңілідей әулеттің бақыты үшін бір-біріңе адал болыңдар. Ендігі өміріміз сендердікі, сол себепті өміріміздің жалғасы сендер.

Ертеңгі күні біздер де сендердің қолдарыңа, көңілдеріңе қарап өмір сүреміз, ол - өмірдің заңы.

Ата-ананың батасы сендердің өмірлік бақ-берекең, осыны ұмытпаңдар.

"Бір әйелдің ақылы қырық есекке жүк" деген, бақытты болуларың үшін емес, осы әулет сендердің ұрпақтарың болғандықтан, бақытты етемін деген ниетпен, барлығына үлкен сеніммен қадам басуларыңа тілекшімін, жандарым сол!

Мына суреттеріңді көріп толқып, қуанып отырмын. Алла бақ берсін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961930-endigi-omirimiz-senderdiki-gulzira-aidarbekova-kelinderine-aserli-zazba-arnady/

pixel