"Бұйырса, сені қолдан ұзатайын": Сәбит Әбдіхалықов бұрынғы әйелін туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықов
Сәбит Әбдіхалықов . Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актер Сәбит Әбдіхалықов бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаеваның туған күніне арнайы барып, оған өз ақ тілегін жаудырды. Өнер иесі қалың көпшілік алдында бірінші келіншегін өзі ұзатқысы келетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сәбит Әбдіхалықов Иманбаеваның мерейтойында ерекше тілек айтып, желіні жарды. Актердің бұрынғы әйеліне тілек айтқан сәті Instagram парақшаларда тарап кеткен. Онда өнер иесі баласының анасын өзі ұзатуға ниетті екенін айтқан.

"Біз өмірден өткеннен кейін де біздің тарихымыз, ұрпағымыз жалғасады. Сол үшін аман бол. Құдай қаласа, баламыздың қуанышын көріп, үйлендірейік. Оған дейін амандық болса, мен сені қолдан ұзатып жіберейін", - деді ол.

Сонымен қатар, Әбдіхалықов Айгүл Иманбаеваның бүгінде жеткен жетістіктерін тізіп шығып, әншінің мақтауын асырды. Оның сөзінше, мұндай нәтиже көптің қолынан келе бермейді.

Желі қолданушылары бұрынғы ерлі-зайыптының өзара сыйластығына тәнті болған.

"Айгүл мен Сәбит күшті сыйластықта қалған. Айгүл Сәбиттің ауылдағы ата-анасымен де жақсы қарым-қатынаста", "Ортада ұлдары бар, сыйластықта болғаны дұрыс", "Бұл ақылдылық. Тәнті болдым", - деп пікір білдірді оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961934-buiyrsa-seni-qoldan-uzataiyn-sabit-abdixalyqov-buryngy-aielin-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/

jitsu gif