Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Бүркіттің балаларға ақша таратып жатқан видеосы көпшілікті сүйсіндірді

Опубликовано:

Бүркіт балаларға ақша таратты
скриншот: www.instagram.com

Әлеуметтік желіде әнші Бүркіттің балаларға ақша таратып жатқан видеосы қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне қолдау білдіріп, өз пікірлерін қалдыруда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram-дағы qaz.stars парақшасы таратқан видеодан Бүркіттің сахнаға билеп шыққан балаларға қалтасынан ақша беріп жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары видео "Апорт" сауда үйінің алдында 22 наурызға орай өткізілген концертте түсірілгенін жазды.

"Апорттағы концерт... Барып, қуанып қайттық. Бәрі күшті болды. Балаларды өздері шақырып, билесін деді. Дала суық қой. Бүркіт, Айша, жарайсыңдар! Өнерлерің өрлей берсін", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Одан бөлек, кей желі қолданушылары әншінің сахнадан түсіп, өнер көрсеткеніне ризашылығын білдірді.

"Сахнадан түсіп, ән айтыпты ғой. Қалғандары түспей қойып еді", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961935-ansi-burkittin-balalarga-aqsa-taratyp-zatqan-videosy-aleumettik-zelide-qyzu-talqyga-tusti/

pixel