Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгісіз ер адам концерт кезінде Айгүл Иманбаеваның шашынан жұлқылады (видео)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева концертте
Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva_official_fan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаеваның концерті кезінде ыңғайсыз жағдай орын алды. Ортаға шыққан жанкүйерлердің бірі өнер көрсету барысында әншінің шашын жұлқылап, тартқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Иманбаеваға жасалған бұл пасық әрекеттің видеосы Instagram желісіндегі әншінің фан-аккаунттарында жарияланған. Бейнежазбадан әртістің халық ортасында ән салып жатқанын көруге болады.

Кейін өнер иесінің артынан келген белгісіз ер адам оның шашын жұлқылап, тартып қалғанын көруге болады. Бұл сәтте Иманбаева жан-жағына қарап, бұл әрекетті кім жасағанын түсінбей қалады.

Желі қолданушылары бейтаныс азаматтың бұл қылығына ашуланып, оның не мақсатта бұл әрекетке барғанын түсіне алмай әлек болды.

"Осылай халықтың ортасында ән айтып жатсаңыз біреу келіп, шашыңызды жұлып алып, орап қалтасына салып жатса қалай? Масқара ғой мынау", "Мына ағаның тірлігі дұрыс емес. Ұят жағдай", "Іздестіріп тауып алып, жауапкершілікке тарту керек. Бұлай қалдырмаңыз", " Ән айтуға мүмкіндік бермей, не болған бәріне халқым ау? Ер кісіні тауып алып, жазалау керек сияқты", "Апталдай азамат бұнысы несі, шашын не мақсатпен жұлды", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961977-belgisiz-er-adam-koncert-kezinde-aigul-imanbaevanyn-sasyn-zulyp-aldy-video/

pixel