Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Роза Рымбаевамен селфи жасау үшін сахнаға шыққан жігіттің видеосы қызу талқыланды

Опубликовано:

Роза Рымбаевамен селфи
Фото: Instagram/shyndykz

Желі қолданушылары сахнада ән айтып тұрған Роза Рымбаеваға кедергі келтіріп, әншімен селфиге түспек болған жігіттің видеосын қызу талқылап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концерт Семейде болып өткен. Оған Роза Рымбаева да қатысқан.

Telegram-дағы Патриот арнасында аталған концерттен үзінді видео жария болды.

Роза Рымбаева танымал "Наурыз-думан" әнін орындап тұрған сәтте сахнаға көрермендердің бірі атып шығып, атақты әншімен селфи жасамақ болған.

Әншіге көрерменнің қылығы жақпай қалды. Ол жас жігіттен өзіне кедергі келтірмей, сахнадан кетуін сұраған.

Паблик оқырмандары әншінің видеодағы әрекетіне түрлі пікір білдіруде. Бірі әншінің фонограммамен ән салғанын сынаса, енді бірі әнді бэк-вокалдың сүйемелдеуімен орындағанын атап өткен.

Нәтижесінде желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірінші топ әншінің көрерменді кеудесінен итергенін ұнатпаған. Ал басқалары керісінше, Роза Рымбаеваны жақтап, оған қолдау білдірген.

"Тағы да ерекшеленді", "Шыдау керек еді, бірінші күн сахнаға шығып тұрған жоқ", "Ол өз жұмысын істеп жатыр, неге кедергі келтіресіз?", "Көрермен әдеп сақтаған жоқ. Әнші өзімен бірге суретке түсуге мүмкіндік бергенде, оның жанына барлығы келіп алар еді, сөйтіп, әнді орындауға кедергі келтірер еді", - деп жазды паблик оқырмандары.

Кейін желіде Роза Рымбаева мен көрермен жігіттің сол концертте түскен селфиі тарап кетті.

Бұл жайтқа қатысты Роза Рымбаева әзірге Instagram парақшасында пікір білдірген жоқ. KAZ.NUR.KZ тілшісі әншінің көмекшісіне сауал жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961999-zelide-roza-rymbaevamen-selfi-zasau-usin-saxnaga-syqqan-zigittin-videosy-qyzu-talqylandy/

pixel