Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағлан Әбдірайымов көкпардағы жетістігін айтып мақтанды (видео)

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов өнерде ғана емес, көкпарда да мықты екенін дәлелдеді. Өнер иесі досы берген көкпарда өзін үздік қырынан көрсетіп, ақшалай сыйға ие болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағлан Әбдірайымов өзінің бұл жетістігі туралы Instagram парақшасында айтып берді. Шоу-бизнес жұлдызы көкпар кезінен видео жариялап, елге көрсетті.

Әнші серкені шеңберге дейін жеткізіп, өзіне тиесілі 20 мың теңгені алған. Ол бұл өзі үшін үлкен мәртебе екенін алға тартты.

"Мақтанайыншы. Кеше, Мағжан бауырымыз әруақтарға құран бағыштап, ас таратып, көкпар берді. Смокинг киімді киіп ортасында жүрдік. Мәреге қарай бет алғанда тақымға серке бұйырып қалды. Шалқайып тұрып басып, абырой болғанда шеңберге жеткіздік. Үлкен шабандоздардың арасында мен үшін бұл мәртебе. 20 мың теңге салымымды алған сәт қой", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962081-baglan-abdiraiymov-kokpardagy-zetistigin-aityp-maqtandy-video/

pixel