Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Балжан Бидаш өз сіңілісін ұзатты (видео)

Опубликовано:

Балжан Бидаш сіңлісімен
Видеодан кадр: instagram/bidash_official

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаштың отбасында қуанышты жағдай болды. Өнер иесінің сіңілісі тұрмысқа шықты. Қалыңдықты ұзатып, отбасылық өмірге шығарып салу мәртебесі жұлдызды әпкесіне бұйырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Балжан Бидаш сіңлісін ұзатқан видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда әнші арудың қалыңдықты қолынан жетектеп, әнмен шығарып салып жатқаны көрініс тапты.

Айта кетерлігі, бұл әртістің тұрмысқа шыққаннан кейінгі алғаш қыз ұзатуы екен. Оның үстіне өнер иесі өз сіңілісін ұзату аса қиын болғанын жасырмады.

"Тұрмысқа шықпай жатып бір рет қыз ұзаттым, міне енді тұрмысқа шыққанда алғаш сіңілімді ұзатып жатырмын. Ұзатылған қыздардың жылайтын себебі, үлкен өмірге қадам басып жатқанын дәл осы сәтте сезінеді. Есейіп, еркелікті қойып, өз үйінен мәңгі кетіп бара жатқанын сезгенде жүрегі қатты елжірейді. Ақтоты сіңілім, барған жеріңнің бақытын еселейтін ақылды, бақытты келін бол", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962107-ansi-balzan-bidas-oz-sinlisin-uzatty-video/

pixel