Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжанның келіні қызды болды (фото)

Опубликовано:

Динара Сәтжан келінімен перзентханада
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның отбасында қуаныш. Ақпарат өкілінің танымал келіні Асем Нұрсейітова қыз баланы дүниеге әкелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сүйінші хабарды алғашқылардың бірі болып Динара Сәтжанның өзі Instagram парақшасы арқылы жеткізді. Белгілі болғандай, тележүргізуші маңызды сәтте келінінің қасынан табылып, қолдау көрсетіпті.

"Қазақ еліне +1 Сәтжан. Кеше сағат 23.13-те біздің Әсем Нұрсейітова қыз босанды. Босану – ғажап процесс, дүниеге жаңа адамның келгеніне куә боласың. Қазақстанның жаңа азаматы", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Әсем Нұрсейітова Динара Сәтжанның інісі Раджив Сәтжанның әйелі. Ерлі-зайыпты жаңадан туған сәбиінен бөлек тағы үш бала тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962135-dinara-satzannyn-kelini-qyz-bosandy-foto/

pixel