Заңғар Нұртастың үйлену тойы қалай өтті (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың інісі Заңғардың үйлену тойы өтті. Дүбірлі тойға жұлдызды әулеттің жақын туыстары мен өнер иелері қатысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Заңғар Нұртастың үйлену тойы Алматының қымбат мейрамханаларының бірінде өткен. Мерекелік шараның тізгінін ұстау танымал асаба Елдос Қадірхановқа бұйырған.
Көптен күткен дүбірлі тойға Айдарбековтер әулетінің барша туыстары мен өнер жұлдыздары келген. Олардың арасында Ернар Айдар, Нұрболат Абдуллин, Алтынай Жорабаева, Жеңіс Ысқақова, Меруерт Түсіпбаева, Гаухар Әлімбекова, Айқын Төлепберген, Жанар Айжанова және тағы да басқалар бар.
Сонымен қатар, Заңғар Нұртастың қуанышында танымал блогерлер де бой көрсетті. "NNN" МЕН Әлішер Қонысбаев желіде тойдың барысын түсіріп, оқырмандарымен бөлісіп жатты.
Сондай-ақ, Заңғар мен Жібектің үйлену тойына Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова да қатысты. Гүлзира Айдарбекованың үлкен келіні құдалық пен ұзатуға бармаған болатын. Алайда, бұл жолы үлкен тойға бала-шағасымен бірге келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962333-zangar-nurtastyn-uilenu-toiy-qalai-otti-video/