Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әулеттің көркі бол": Гүлзира Айдарбекова жаңа келініне ән арнап, көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова келінімен
Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының үйлену тойында барша қонақтың алдында жас келініне ән арнады. Ұлының жас жұбайын ортаға алып шыққан ол әсерлі сәтте көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова келініне ән айтқан видеосын Instagram парақшасында бөліскен.

"Әулеттің көркі бол. Әдепті келінім бол. Ұлымның сенім артқан серігі бол. Алла бақ берсін балапандарым! Бұрындары қыз ұзатушы едім, бұл жолы Қарақат келінімнің әнінің сөзіне кішкене өзгеріс енгізіп, өз ойымды жеткізуге тырысып, өз келініме осы әнді арнадым. Болашақ ұрпағымыздың аналары, келіндерімізге ана бақытын тіледім", - деп жазды ол.

Заңғар Нұртастың қалыңдығы да бұл сәттен ерекше әсер алып, анасына алғысын білдірді.

"Мама, үлкен рахмет. Заңғар екеуіміз сіздің үмітіңізді ақтаймыз", - деп жазды ол.

Айта кетейік, кеше 27 наурызда Алматы төрінде Заңғар Нұртастың үйлену тойы өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962335-aulettin-korki-bol-gulzira-aidarbekova-zana-kelinine-an-arnap-kozine-zas-aldy-video/

pixel